434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мигранттар Польша аумағына шабуылмен кірмек болды

  • 61
  • UPD: 07:50, 17.11.2021
Мигранттар Польша аумағына шабуылмен кірмек болды

Беларусь пен Польша шекарасындағы ахуал ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Босқындар Польша аумағына шабуылдап кірмек болды.

Тәртіп сақшылары мигранттарға көз жасаурататын газ бен су шашып, зордың күшімен тоқтатқан. Тіпті қаумалаған жұрт шекара дуалын бұзып, полицияға шөлмек пен тас  жаудырды. Польша қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша кейбіреулер тіпті дыбыстық гранаталармен де қаруланған.

Reuters ақпарат агенттігі бірнеше тәртіп сақшысы зардап шегіп, ауруханаға түскенін хабарлады. Көбісі басынан жараланған.

Айта кетейік, қазір Польша шекарасын 20 мыңға жуық сарбаз күзетіп тұр. Кузница елді мекенінің маңына шамамен 4 мыңға жуық босқын жиналған. Мигранттардың айтуынша Беларусь билігі оларды кері қабылдамай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы