430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияны қымбатшылық қысып барады

  • 57
  • UPD: 11:00, 17.11.2021
Бразилияны қымбатшылық қысып барады

Өткен айда инфляция 11 процентке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл кейінгі 5 жылда болмаған көрсеткіш. Елде су, электр қуаты мен азық-түлік 20 процентке қымбаттады. Ал газ бағасы небәрі бір жарым айда 3 есе өскен.  Жұмыссыздық көрсеткіші 13 проценттен асады.

– Өткен аптада 4 келі ет сатып алған едім. Ал бүгін дәл сол ақшаға тек 2 келі ет келді. Баға өте қымбат. 

Куба билігі де инфляциямен күресіп әлек. АҚШ салған санкция, одан қалды індет пен ақша реформасының салдарынан елде тауар атаулы қымбаттап кеткен. Енді билік өндіріс қарқынын арттырмақ. Ол үшін шағын және орта бизнесті қолдап, жекеменшік секторға еркіндік берілмек. Естеріңізге сала кетейін, жыл басында Кубада қаржы реформасы болған. Онда ел билігі екі ұлттық валютаның бірінен бас тартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы