Еуропа мен Азияда құс тұмауы өршіп барады 

Мұндай жағдайлар Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Норвегия, Бельгия, Нидерланд пен Францияда байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Құс тұмауы адамға да жұғуы мүмкін. Эпидемиологтарды осы жағдай алаңдатып отыр. Мәселен, Қытайда биыл 21 адам құс тұмауымен ауырған. Бұл былтырғыға қарағанда жағдайдың қиындай түскенін аңғартады. Енді кейбір елдер құс өсірушілер үшін түрлі шектеу енгізіп жатыр.