Египеттегі су тасқынынан үш адам мерт болды

Мысырдың оңтүстігінде жауын мен су тасқыны үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы 500-ден астамын шаян шағып, жаралы еткен. Олардың бәрі қазір ауруханада жатыр. Аймақта жарық та жоқ. Баспаналар қирап, егіс алқаптары жарамсыз болып қалды. Асуан провинциясында мектептердің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Ахмед, жергілікті тұрғын:

– Судың ағысы өте қатты болды. Дүние мүлкіміздің бәрі су астында қалды. Адамдарды құтқару үшін оларды арқалап алып шықтық.