АҚШ-тың Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
Азаттық радиосы

Вашингтон штатында ақжауынның соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мұнда тұтас бір шаһар су астында қалды. Жүздеген адам эвакуацияланды. 200 мыңнан астам үйде жарық өшті. Штат губернаторы аймақта төтенше жағдай жариялап, апатты аудан тұрғындарына қауіпсіз жерге көшуді ескертті.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы уақытта жауын мен желдің екпіні одан сайын артып, өзендер тағы тасуы мүмкін.