433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Угандада теракт болды

  • 54
  • UPD: 12:03, 17.11.2021
Угандада теракт болды korrespondent.net

Уганда астанасы Кампалда террорлық шабуылдан кем дегенде үш адам қайтыс болды, 30-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, парламент ғимаратының кіреберісінде мотоцикл мінген екі жанкешті бомба жарып жіберген. Үшінші адам Орталық полиция бөлімшесінің жанындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, екі адамды өлтірген.

Уганда Қызыл кресті жарақат алған 33 адамның 21-і полиция қызметкерлері екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы