Нью-Йорктегі Times Square-ге вакцина салдырғандар ғана жіберіледі

АҚШ-та вакцинаны толық салдырған адамдарға жаңа жылды Нью-Йорктың бас алаңында қарсы алуға рұхсат беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қала билігі осындай талап жариялады. 31 желтоқсаннан 2022 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Times Square-ге 5 жастан асқан балалар және толық екпе салдырғанын айғақтайтын, құжат пен суреті бар ересектер келе алады. Сондай-ақ олар жеке куәлігін көрсетуі керек. Ал вакцина алуға жарамсыз кісілер соңғы 72 сағатта тапсырылған тестінің теріс нәтижесін ұсына алады. Барлық келушілер бетпердемен жүруі тиіс.

Билл Де Блазио, Нью-Йорк мэрі:

– «Таймс-скверге» әдеттегідей жүздеген мың адам жаңа жылды қарсы алуға келгенін қалаймыз. Биыл осы тамаша мүмкіндікке қолымыз жеткелі отыр. Бәрі керемет болмақ. Бірақ мерекелік іс-шараны тиісті тәртіппен, қауіпсіз жолмен жүзеге асыруымыз керек. Ол үшін барлық келушілер вакцинаны толық салдыруы тиіс. Екпе ал да тарихи сәтке қосыл..