Фрида Калоның автопортреті рекордты сомаға сатылды

Мексикалық суретші Фрида Калоның «Диего және мен» атты 1949 жылы салынған автопортреті Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында 34,9 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды ВВС News.

Бұл Латын Америкасы шеберлерінің жұмыстары үшін рекордтық сома болды.

Картинада суретші көрерменге жасқа толы көздерімен қарап тұрғаны, ал оның маңдайында жұбайы Диего Ривераның портреті бейнеленген.

Автопортретті 1990 жылы 1,4 миллион долларға сатып алған коллекционердің мұрагері сатты. Бұған дейін сурет Чикагодағы жазушы Флоренс Аркинге тиесілі еді, ол екі суретшімен дос болған.

Фрида жұмысын Буэнос-Айрестегі Mallba Латын Америкасы өнері мұражайының негізін қалаушы сатып алды.