Кореяда эпидахуал күрделеніп барады

Оңтүстік Кореяда коронавирус төңірегіндегі ахуал күрделеніп барады.

Өткен тәулікте қауіпті инфекция 3 мыңнан астам адамнан анықталған. Бұл қыркүйек айында тіркелген рекордқа тым жақын. Айта кетейін, қарашада Оңтүстік Корея билігі елдегі шектеу шараларын біршама жеңілдеткен еді.

Атап айтқанда, бұқаралық іс-шара өткізуге рұқсат етіліп, кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзартылған болатын. Мұндай қадамға билік өкілдері ел азаматтарының 70 процентінен астамы вакцина алғаннан кейін барды.

Сон Ён Рэ, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық штабтың басшысы:

- Бүгін қауіпті вирус 3187 адамнан анықталды. Соның 522-сі ауыр халде жатыр. Ел бойынша инфекцияның таралуы қарқыны қатты болмағанымен өсім байқалады.