Филиппинде ревакциналау басталды

Филиппинде коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталды. Үшінші дозаны ең алдымен медицина қызметкерлері алады.

Олардың саны бір жарым миллионнан асады. Бустерлік дозаны ең бірінші болып бүйрек және трансплантология ұлттық институтының қызметкері алған. Ал оған екпені денсаулық сақтау министрінің өзі салды.

Айта кеткен жөн, Филиппинде халық саны 110 миллионға жуықтайды. Соның 40 миллионы екпенің екі дозасын да қабылдаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.    

Франсиско Дуке, Филиппин денсаулық сақтау министрі:

- Жоспар бойынша медицина қызметкерлерінің бірі қалмай вакцинаның бустерлік дозасын салдыруы тиіс. Бұл қосымша қорғаныс болады. Өйткені ақ халаттылар коронавирус жұқтырған адамдармен жұмыс істеп, өз денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ...