Кабул көгі көк түтінге оранды

Ауғанстан астанасының батысында қос жарылыс болды.

Кабулдың Даште-Барчи ауданында көлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылып, екі адамның өмірін қиған. Тағы 5 тұрғын жарақат алды.

Екінші лаңкестік әрекет Дехбури ауданындағы полиция бөлімінің аумағында тіркелген. Куәгерлер көлік жарылысынан 7 кісінің ажал құшқанын айтады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, шабуылдарды «ДАИШ» экстремистік ұйымы өз мойнына алған. Екі ауданда да негізінен шиіттік ағымның өкілдері тұрады.

Полиция құрбандар арасында бейбіт тұрғындар көп екендігін алға тартады.