434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресейде коронавирус қайта күшейді

  • 67
Ресейде коронавирус қайта күшейді

Ресейде кезекті рет коронавирустан өлім-жітім бойынша жаңа антирекорд тіркелді.

Соңғы тәулікте бұл індеттен 1247 адам қайтыс болған. Елде екпе салдырмағандарға талап  күшейді. Мемлекеттік Думада QR-кодтардың бірыңғай жүйесі жөнінде заң жобалары қарастырылып жатыр. Құжат қабылданған жағдайда, бұқаралық спорт шаралары, мейрамханалар мен қоғамдық көліктерге кіру үшін вакциналанғаннан кейін алынатын qr-код қажет болады. Ал Мәскеу қалалық соты оқушылардан жедел тест алу бұйрығын заңды деп тапты. Үкімге сай бұған ата-аналардың рұқсаты керегі жоқ және оқушы одан бас тартса, мектепке кірмейді. Сотқа шағымды ата-аналар берген болатын.

Александр Арутюнов, Еуразиялық терапевтер қауымдастығының бас хатшысы:

– Пандемия толқынына тосқауыл қою үшін жаппай ПТР-тест жасау керек. Сонда науқастар дер кезінде анықталып, оқшауланады. Яғни, вирусты әрі қарай таратпайды. Балалар жеңіл түрде ауырып, сырқатын сезбеуі де мүмкін. Алайда ата-әжелері мен ата-аналарына індет жұқтырады.

 

Хабар 24 телеарнасы