430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Берлинде балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер бас көтерді

  • 89
  • UPD: 10:58, 18.11.2021
Берлинде балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер бас көтерді Germania.One

Сегіз мыңға жуық қызметкер жұмысқа емес, шеруге шыққан.

Олардың ереуілі 3 күннен бері жалғасып жатыр. Наразы топ жалақы көлемін 5 процентке арттыруды талап етіп отыр. Бұл шамамен 150 еуро, теңгеге шаққанда 73 мың 700 теңге. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге кітапханашылар да қосылды. Ереуілшілер Берлиндегі басты көрнекі орын – Бранденбург қақпасының маңына жиналып, әрі қарай басты көшелермен жүріп өтті. Тәрбиешілер мемлекет олардың талабына құлақ аспаса, наразылық шарасын келесі аптаға дейін жалғастыра бермек.

Марион Круг, кәсіподақ өкілі:

- Бізге қалалық Сенат пен аудандық мекемелердегі әріптестер де қосылды. Басты талабымыз - жалақыны көтеру. Еңбегіміз лайықты бағалануы керек деп есептейміз. Әсіресе коронавирус кезінде өте қиын. Маман жетіспей жатыр.

Хабар 24 телеарнасы