«Ажал» орманы: АҚШ-та өрт бет қаратпай тұр

АҚШ-тың Колорадо штатында орман өрті бет қаратпай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осы аптада аймақтағы тілсіз жау екі адамның өмірін қиды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қызыл жалынды ауыздықтауға аттанған бір ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды. Құтқарушылар отқа оранған орман маңындағы жергілікті халықты эвакуациялай бастады. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп жатқанын айтады.

Алек Трон, жергілікті тұрғын:

– Өрт үйімізге жақындап қалды. Табиғат апатынан тұрғындар жарықсыз отыр. Мұндай мезгілде өрт басталуы мүмкін деп ойлаған жоқпын. Қазір қауіпсіз жерге көшуге дайындала бастадық.