Ресейде аспаннан метеоритке ұқсас зат құлады

Ресейде аспаннан метеоритке ұқсас зат құлады.

Сирек құбылысқа Ижевск, Йошкар-Ола, Пермь және Қазан қаларының тұрғындары куә болған. Бейнетаспаға түсірген тұрғындар ағып түскен затты метеорит болуы мүмкін деп жатыр. Мәскеу планетарийінің мамандары қарашаның 17-18 күндері Леонидтер метеориттік ағындарының белсенді болатынын айтады. Сағатына 15 метео құлдырауы мүмкін. Әдетте Жерге зулаған олардың жылдамдығы секундына 70 шақырымға жетеді.

Сондай-ақ...