433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Канадада өрттен 100-ге жуық көлік жанып кетті

  • 100
  • UPD: 18:13, 18.11.2021
Канадада өрттен 100-ге жуық көлік жанып кетті

Канаданың Абботсфорд қаласындағы автотұрақтардың бірінен ірі өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Соның салдарынан 100-ге жуық көлік жанып кетті.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, қазір жалын ауыздықталған. Бірақ соған қарамастан, қауіпсіздік мақсатында мамандар тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес беріп жатыр. Әзірге өрттің шығуына нақты не себеп болғаны белгісіз. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы