Беларусь билігі мигранттар мәселесін шешу жолын ұсынды

Ол Беларусь-Польша шекарасындағы 2 мың босқынға арналған гуманитарлық дәліз ашу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Александр Лукашенко Еуроодаққа осындай ұсыныс тастады. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Оның айтуынша, Лукашенко ұсынысты Германия канцлері міндетін уақытша атқарушы Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесу кезінде жасаған. Яғни 2 мың мигрант Еуроодақ аумағына өтсе, тағы 5 мыңы өз отанына қайтарылады. Осы мәселе бойынша Ангела Меркель Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізуге уәде берді. Десе де, France 24 мәліметіне сәйкес, ресми Берлин әзірге бұл мәлімдемеге қатысты ешқандай пікір білдірмеген.