Норвегияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Норвегияда пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бір тәулікте өңірде 2552 жаңа жағдай тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Норвегияда бір апта ішінде вирустан өлім-жітім 67% артты. Пандемия басталғалы бұл елде коронавирус инфекциясының 235 314 дерегі анықталды,

995 науқас қайтыс болды.