Оман сұлтандығы – араб әлемінің інжу-маржаны

18 қараша – Оман сұлтандығында елдің бас мерекесі – Ұлттық күн. Тұрғындар мен қонақтар үшін атаулы күнді мерекелеу жыл сайын жарқын әрі есте қаларлықтай өтеді. 

Оман сұлтандығы - араб әлемінің інжу-маржаны. Ол ерекше ел. Көпшілікке белгілі Саба ханшайымы, Синдбад теңізші кейіпкерлері сұлтандықпен байланысты. Оман сұлтандығы Парсы шығанағының кіреберісінде, негізгі сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Жағалау ұзындығы – 1700 км. Оман үш жағынан теңіз суымен қоршалған: Оман теңізі, Арабия теңізі пен Парсы шығанағы. Солтүстік пен шығыс шекараларын су алып жатқандықтан, мұнда теңізде жүзу мен саудамен айналысу кеңінен таралған.

Арабия түбегіндегі ең толерантты және бейбіт мемлекет - Оман сұлтандығы. Ол әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі. Заманауи Оман жас елдердің қатарында. Халықтың жартысынан көбі 30-ға толмағандар. Сұлтан Хейсам бен Тарик Саид білім беру мен жастарды қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесуге көп көңіл бөледі. Оманда білім беру және жұмыс таңдау бойынша әйелдердің құқықтарына да назар аударады. Омандағы әйелдер министр болып та, сұлтандықтың шетелдегі елшілері ретінде де жұмыс істей алады. Олар білім, медицина мен банк саласында белсенді жұмыс атқарады. 

Көп жылдар бойы Оман мен Қазақстан арасында достық қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстырады. Сонымен қатар еліміздің астанасының көркеюіне де үлесін қосты. 1998 жылы Оман елі 10 млн АҚШ доллар көлемінде грант бөліп, Қазақстанның елордасында «Салтанат Сарайын» салдырды. 

Оман сұлтандығы қазақстандықтар үшін таңғажайып мекен. Оман сұлтандығының сиқырлы келбеті, алуан түрлі табиғи пейзаждары мен  мөлдір теңізі туристерді ерекше тартады. Ғажайып ежелгі ғимараттары, жайлы қонақ үйлері мен тарихы бай мәдени мұрасы әр туристі шығыс әлеміне баурайды. Әсіресе барқыт маусымында терезелерден көрінетін қысқы пейзаж араб ертегісін еріксіз еске салады.

Сондай-ақ...