Мексикада мигранттардың жаңа легі қалыптасты

Мексикада мигранттардың жаңа нөпірі пайда болды.

Елдің оңтүстігіндегі Чьяпас штатында 2 мыңға жуық босқын жиналды. Бұл Гватемаламен шектесетін шекаралық аймақ. Олардың мақсаты АҚШ аумағына өту. Мигранттар арасында балалар мен жүкті әйелдер көп. Жергілікті билік оларға гуманитарлық көмек алуға рұқсат беретін карталар таратып жатыр. Босқындардың бұл көші қазан айында түзіле бастаған еді. Мексика, АҚШ пен Канада үкіметі мигранттардың жағдайын реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Луис Рей Гарция, адам құқықтары жөніндегі белсенді:

- Біздің бәрімізге Мексика билігінен мигранттардың мәртебесін нақтылайтын қол қойылған ресми құжат керек. Сонда біз еш кедергісіз жүре аламыз. Әйтпесе бізге көп қысым жасалып жатыр.