Нидерланд қарттарды ревакциналап жатыр

Нидерландта егде жастағы тұрғындар арасында ревакцинация науқаны басталды. Бустерлік дозаны алғашқылардың бірі болап 90 жастағы Гаага тұрғыны қабылдаған.

Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша ел тұрғындарының 85 проценті толық егілсе де таяуда бір тәулік ішінде 23 мыңнан астам адам ковид індетіне шалдыққан. Үшінші вакцинаны қабылдауға келгендердің қарасы қалың. Екпе егу орталықтарында таңнан бері ұзын сонар кезек түзілді.