Германияда жаңа шектеулер енгізіледі

Германия билігі жаңа шектеулер енгізеді. Құжат қазір Бундестаг қарауында жатыр. Себебі елде коронавирус өршіп барады. Бір күнде 65 мың 371 науқас тіркелген.

Бұл індет басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Бірінші кезекте вакцина салдырғандар мен ауырып жазылғандар және тесті тапсырғандарға ғана автобус, метро немесе пойызбен жүруге рұқсат беріледі. Балалардың жүріс-тұрысына тыйым жоқ. Талаптардың сақталуын полиция қадағалайды. Екпе алмағандар жұмыс орнына бару үшін күнде тест тапсырады. Қатаң шектеулердің енгізілуі ауруханалардың жұмысына тікелей байланысты болмақ. Егер науқастар саны көбейсе, онда мейрамханалар, спортзалдар мен шаштараздарға тек вакцина салдырғандар мен ауырып жазылғандар ғана бара алатын болады. Вакциналау куәлігін немесе тестінің теріс нәтижесі туралы құжатты қолдан жасағандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ангела Меркель, Германия канцлерінің міндетін атқарушы:

- Эпидахуал өте қиын. Науқастар саны бойынша қазір біз ауыр жағдайда тұрмыз. Дәрігерлер мен жансақтау бөлім мамандарына үлкен салмақ түсіп жатыр. Сондықтан тез шешім қабылдап, бақылауды күшейткеніміз абзал.