Мадагаскарда 1,3 млн адам кактус пен шегіртке жеп жүр

Мадагаскар аралында құрғақшылық салдарынан кем дегенде 1,3 миллион адам аш-құрсақ жүр.

Адамдар кактус және шегірткелермен қоректенеді.

Бұл туралы БҰҰ-ның Мадагаскарға арналған гуманитарлық көмек үйлестірушісі Исса Саного мәлімдеді.

«Мен халықаралық қауымдастықты климат дағдарысының негізгі ауыртпалығын көтеретін Мадагаскар тұрғындарымен ынтымақтасуға, апаттың алдын алу үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге шақырамын», – деді Саного.

Құрғақшылық салдарынан 1,3 миллионнан астам адам аштыққа тап болып, оның ішінде 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне аса қауіп төніп тұр.

«Әйелдер, балалар аман қалу үшін кактустар мен шегірткелерді жеп жүр, жарты миллионнан астам бала қатты зардап шегуде», - деді ол.

 

 

Сондай-ақ...