Apple толығымен өзі жүретін электр көлігін жасап жатыр

Apple басқарылмайтын, яғни өзі жүретін электромобильді жасап жатыр.

Көліктің рөлі және басқыштары болмайды.

Компанияның автобөлімшесі басқару жүйесіне арналған нейрондық процессор чипін әзірлеуді аяқтады. Көліктің қозғалысына жасанды интеллект жауапты болады.

Apple электромобилінің салоны футуристік дизайнда жасалып, орындықтар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Салонның ортасында орналасқан үлкен сенсорлық экран арқылы көлікпен өзара әрекеттесу мүмкін болады. Ол арқылы жолаушылар ақпараттық ойын-сауық функцияларын іске қоса алады.

Apple компаниясының алғашқы электр көлігі бірден компанияның қызметтері мен гаджеттерінің экожүйесіне енеді. Басқарылмайтын көлікті іске қосу шамамен 2025 жылға жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru