Германияда ковидке шалдыққан науқастарды тасымалдайтын әуе күштері қолданылуы мүмкін

Германияда ковидке шалдыққан науқастарды тасымалдау үшін әуе күштері қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап.

Бұл шешім көптеген федералды штаттарда реанимация бөлімшелері толығымен толтырылғандығына байланысты қабылдануда. Тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтары ауыр жағдайдағы науқастарды басқа федералды штаттардың немесе еуропа елдерінің ауруханаларына тасымалдауға қатыса алады.

Австрия дүйсенбіден бастап 3 апталық толық локдаун енгізбек. Бұл шешім вакцинацияланбаған адамдар үшін локдаун жариялағаннан бірнеше күннен кейін қабылданды. Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап елде вакцинация міндетті болады. Австрия канцлері Александр Шалленберг:»Біз бесінші толқынды қаламаймыз», - деп түсіндірді.

Үндістандағы бір штат билігі covid-19 вакцинациясынсыз алкоголь сатуға тыйым салды. Сатушылар сатып алушылардан вакцинация туралы сертификаттарды талап етпейді, оларға ауызша растау жеткілікті болады. «Толық вакцинация туралы ешқандай дәлел қажет емес. Ішімдік ішетіндер өтірік айтпайды», - деді Акциз департаментінің қызметкері Р.П. Кирар.