Үндістанда шапырангүл алқаптары гүлдеп жатыр

Үндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир штатында шапырангүл алқаптары жайқалып өсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың теңдессіз сұлулығын көру үшін аталған аймаққа қазір жүздеген турист ағылған.

Айта кетейік, дәл осы гүлден әлемдегі ең қымбат дәмдеуіштер дайындалады. Сапасына қарай оның бағасы келісіне 10 мың долларға дейін жетеді. Өйткені оны жинау өте қиын көрінеді. Бір келі дәмдеуіш жинау үшін 200 мың гүл керек екен.