Баварияда локдаун енгізілді

Бавария коронавирус инфекциясының төртінші толқынымен күресуде, деп хабарлайды «Хабар 24». Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Германияның ең ірі федералды жерінің премьер-министрі 24 қарашадан бастап қосымша шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді. Кафе мен мейрамханалар кешкі сағат 10-ға дейін жабылады, ал дискотека мен түнгі клубтар мүлде жұмысын тоқтатады. Одан бөлек жәрмеңке мен рождество базарларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді. Екпе алмаған баварлықтар карантинде болады. Қоғамдық орындарға тек екпе алғандар мен ковидпен ауырғандар ғана барады. Бұл шара аса қажет, себебі ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толып кеткен. «Екпе салдырмаған адамдар басқалалардан ауыр зардап шегіп жатқанын сеніммен айтуға болады», - деді Бавария премьер-министрі Маркус Зедер.

13 миллионнан астам халқы бар Баварияда тек 4,5 миллионнан астам тұрғын вакцина салдыртқан. Бұл елдегі ең төмен көрсеткіш. Германияда халықтың 68%-і екпе алған. Елде қауіпті індетті жұқтыру жағдайы қарқынды өсіп келеді. Жұма күні 53 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды, ал бейсенбі күні бұл көрсеткіш 65 мыңнан асқан. Жаңа шектеу шаралары 24 қарашадан 15 желтоқсанға дейін енгізілмек.