Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 5 жастан бастап салуға рұқсат берілді

Канада 5-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer-Biotech вакцинасын салуға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24». Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы мәлімдеген Канаданың Денсаулық сақтау департаменті. Ведомство 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-Biotech шығарған COVID-19-ға қарсы Comirnaty вакцинасын қолдануға рұқсат берді.

Айта кетейік компания өкілдері департаментке өтінімін 18 қазанда жіберген.

«Қолда бар дәлелдерге бүге-шүгесіне дейін тәуелсіз ғылыми талдау жүргізілгеннен кейін департамент бұл вакцинаның 5-11 жастағы балаларға пайдасы зор қорытындыға келді», - делінген хабарламада.

Бұл ретте, балалар дозасы ересектерден үш есе аз болады Педиатриялық вакцинаны екі рет егу керек. Бұған дейін Канадада вакцина 12 жастан асқан балаларға ғана қолданылып келді.

«Клиникалық зерттеулер 5-11 жастағы балалардағы иммундық реакция 16-25 жастағылардың иммундық реакциясымен бірдей екенін көрсетті. Вакцина 5-11 жастағы балаларға 90,7 пайыз тиімді және оның ешқандай ауыр жанама әсері жоқ», - деді ведомство өкілдері.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта 12 жастан асқан канадалықтардың 85 проценттен көбі COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған. Соңғы апталарда инфекцияның жаңа жағдайлары көбіне екпе алмаған 12 жасқа дейінгі балаларда тіркеліп жатқаны хабарланды.