Германияда оқушылар климатты қорғауды талап етіп жатыр

Берлинде оқушылар шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар биліктен ғаламдық жылынуды тоқтатуға күш салып, көмірқышқыл газын шығаруды азайтуды талап етті. Акцияны студенттер мен қала тұрғындары да қолдады. Қатысушылар қолдарына түрлі парақша ұстап, үкімет орналасқан ауданға қарай жүрді.

Шотландияның Глазго қаласында өткен конференцияның қорытындысына көңілі толмаған белсенділер жаңа үкімет мәселені шешу үшін батыл әрекет ету керек дейді. Айта кетейік, бұған дейін климатты қорғауға бағытталған шерулер Германияның 15 қаласында өткен.

– Біз болашағымыз үшін алаңдаймыз. Германия жастары үшін климат – басты мәселеге айналды. Ауаның ластануынан тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан адамдар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан климаттық саясатқа салғырт қарамау керек.

– Саясаткерлер ғалымдардың талабына құлақ асуы тиіс. Мысалы мен тұратын Бранденбург аймағында ғаламдық жылынудың салдарын байқауға болады. Өзендерде су азайып, қураған жерлер көбейді.