Ливия жағалауында Еуропаға өтпек болған 75-тен астам босқын суға батып кетті

Ливия жағалауында Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам мигрант суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новости-ге мілтеме жасап.

Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам мигрант Жерорта теңізіне Ливия жағалауында батып кеткені туралы хабарламаны Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) жергілікті кеңсесі жариялады.

Аман қалған тағы 15 адамды балықшылар құтқарып, Зувара қаласына жеткізген.

Ұйымның мәліметінше, биыл Жерорта теңізінде 1,3 мыңнан астам босқын қайтыс болған.

Айта кетейік, 2011 жылы Ливия басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін Ливия іс жүзінде біртұтас мемлекет ретінде жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге қазір ел Еуропаға кіруге ұмтылған заңсыз мигранттардың транзиттік нүктесіне айналды.