Уханьда коронавируспен ең бірінші сатушы әйел ауырған болуы мүмкін

Қытайдың Ухань қаласында коронавируспен бірінші болып бухгалтер емес, теңіз өнімдерін сатушы әйел ауырған болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Америкалық ғалым Майкл Уороби осылай деп болжам жасап отыр. Оның айтуынша, бұл істе қайшылық есепшінің 2019 жылдың 8 желтоқсанында тіс дәрігеріне қаралуынан туған. Бірақ онда ауру нышандары бұл күні емес, желтоқсанның 16-сы күні пайда болған. Ал сатушы әйелде одан ертерек тіркелген дейді зерттеуші.

Айта кетейік, коронавирустың қайдан шыққаны әлі күнге дейін белгісіз. Бұған дейін Қытай билігі мен халықаралық сарапшылар вирусты бірінші болып бухгалтер жұқтырған деп, індет зертханадан тараған деген болжамның шығуына себеп болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен айда пандемияның қайдан шыққанын зерттеу үшін жаңа сарапшылар тобын құруды шешті.