Францияда жыл басынан 101 әйел өз күйеулері мен әріптестерінің қолынан көз жұмған

Парижде санитарлық дағдарыс басталғалы алғаш рет әйелдерді қолдауға арналған шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бейбіт акцияға 50 мыңнан астам адам қатысты. Шараға орай Республика алаңы әйелдің құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық «Me to» қозғалысының қызғылт түсіне боялды.

Індет кезінде шектеулер жағдайды тіпті ушықтырып жіберген. Локдаун кезінде тұрмысттық зорлық-зомбылық деңгейі күрт өскен. Мысалы, елде жыл басынан 101 әйел өз күйеулері мен әріптестерінің қолынан көз жұмған. Ауқымды шеру әйелдермен бірге балаларды да қорғауға бағытталған. Себебі елде бала зорлау көбейген. Осыған байланысты шараға қатысушылар биліктен әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін батыл шешімдер қабылдауды талап етуде.

БЛИЦ:

- Мұндай зорлық-зомбылық біз сияқты 16-17 жастағы жасөспірімдерге тікелей қатысты. Жантүршігерлік оқиғалар үйде де, көшеде де болып жатады. Сондықтан жастар мұнымен күрестің маңыздылығын қазірден бастап түсінуі керек.