Канадада лай басып қалған үш адамның денесі табылды

Канадада су тасқыны жүрген Британиялық Колумбия аймағында құтқарушылар тағы үш адамның денесін тапты.

Оларды толассыз жауын кезінде көшкен лай-батпақ басып қалған. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райын болжаушылар бүгін аймақта тағы жаңбыр жауып, қайтадан су тасқыны жүруі мүмкін деп отыр.

Еске сала кетейік, Британиялық Колумбия провинциясында өткен аптаның соңында бірнеше күн бойы жауын селдетіп, арты тасқынға ұласқан. 18 мың адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Табиғат апатына байланысты провинцияда төтенше жағдай енгізіліп, құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылған.