434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытай Литвамен дипломатиялық қатынас деңгейін төмендетті

  • 79
  • UPD: 15:14, 21.11.2021
Қытай Литвамен дипломатиялық қатынас деңгейін төмендетті

Қытай Литвамен дипломатиялық қатынасты сенімді уәкіл деңгейіне дейін төмендетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мұндай мәлімдемені осы елдің Сыртқы істер министрлігі жариялады. Оған Тайваньның қарашаның 18-і күні Литвада өз өкілдігін ашуы себеп. Бейжіңнің мәлімдеуінше, бұл Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзып, елдің ішкі істеріне өрескел араласушылық. Сондай-ақ Литва Тайваньға өкілдік ашуға рұқсат беру арқылы Қытайдың ұстамы мен екіжақты байланысқа немқұрайлық танытып, әлемде теріс жағдай туғызатын әрекетке барды дейді. Осыған байланысты Бейжің екіжақты дипломатиялық қатынасты төмендетуге мәжбүр болғанын айтады. Литва жаз кезінде Тайваньның өкілдігін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Өкілдіктің дипломатиялық мәртебесі жоқ, бірақ консулдық қызмет көрсете алады. Осы себепті Қытай тамыз айында Литвадағы елшісін кері қайтарып алған. Себебі Бейжің сыртқы саясатта «Бір Қытай» саясатын ұстанып, Тайваньды өзінің провинциясы деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы