Түрік валютасы құлдырап барады

Түркияның ұлттық валютасы екінші апта қатарынан құнсызданып, төл ақша тарихының ең төменгі деңгейін жаңартып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Түрік лирасы лира долларға шаққанда 6% төмендеп, бір доллардың құны 11,23-ке жетті. Түркияда қараша айынан бері АҚШ валютасы 8,3%-ға, ал жыл басынан бері 40% қымбаттап, дамушы нарықтағы ең әлсіз әлемдік валюталардың артирейтингінің тізгінін бастады. Тіпті, ең әлсіз болып келетін Аргентинаның песосы құны түрік лирасынан озып тұр. Сарапшылардың пікірінше, бұған инфляцияға қарамастан Орталық банкінің негізгі пайыздық мөлшерінің көтермеуі себеп. Ал, президент Режеп Тайып Ердоғанның пікірінше, мұндай қадам инфляцияны тежеуге септігін тигізеді және бұл мәселені қысқа уақытта шешіледі.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Пайыз –себеп, инфляция оның салдары. Осыны басқа жерге айналдырғысы келетіндерге айтарым, бекер тырыспаңдар. Халықты құтқарамыз. Басқа жол болуы мүмкін емес

Түркиядағы күрделі экономикалық жағдай оппозициялық күштердің 2023 жылы өтетін президенттік  сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге шақырып, халық бірқатар салықтан босатылсын деді.

Кемал Кылычтароғлұ, республикалық халық партиясының жетекшісі:

– Ауыл шаруашылығында қолданылатын жанармай 6 айға дейін салықтан босатылсын. Азық- түліктің басым бөлігіне енгізілген 8 %-тік салық жарты жылға дейін алынбауы тиіс. Үлкен дүкендер желісіне үн қатамын. Ұн, май, сүт, макарон және бір айда бір көкөністің бағасын көтермеңіз.

1 доллардың 11 түрік лирасынан асуы Түркия тұрғындарын да алаңдатып отыр. Ұлттық валютаның құнсыздануы инфляция деңгейінің өсуімен байланысты. Қазан айында тұтыну бағасы 2,39% өсіп, былтырғы кезеңмен салыстарғанда 19,89% жоғарылаған. Дегенмен кейбір тәуелсіз экономистер инфляция деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін айтады. Бұл жағдай әсіресе импорттық тауарларға қатты әсер етіп отыр. Сондай-ақ елде азық- түлік пен коммуналдық қызметтердің бағасы өскен.

Хатже Экмекчи, тұрғын:

– Доллардың қымбаттауы әрбірімізге әсер етті. Тауарлардың доллар бағамымен тікелей байланысты болуы, тұрмыстың барлық деңгейіндегі тауарлардың құнына әсер етіп отыр. 1 доллардың да 10 лираға жетуі жанармайдан бастап барлық салаға әсер ететіні анық.

Валютадағы жағдай жанармайдың қымбаттауына алып келді. Бір күн бұрын елдің мұнай және жанармай жөніндегі бірлестігінің қымбаттауы жөніндегі хабарламасынан кейін барлық стансаларда жүргізушілер ұзын-сонар кезекке тұрып, литрін 20 теңгеге арзан алуға асықты. Сарапшылардың пікірінше, Орталық банк пайыздық мөлшерін төмендетпей мәселеден шығу қиын.