Ресейлік ғарышкерлер халықаралық ғарыш стансасынан айдың тұтылуын түсірді

Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істейтін ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Антон Шкаплеров Жердің көлеңкесінде қалған кездегі айды суретке түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде ХҒС бортында «Роскосмос» ғарышкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында Петр Дубров пен Антон Шкаплеровпен бірге, NASA астронавты Марк Ванде Хай, сонымен қатар SpaceX компаниясының Crew Dragon (Crew-3) америкалық ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Томас Машберн, Раджа Чари, Кейла Бэррон, Матиас Маурер бар.