Еуропада қыста 500 мың адам көз жұмуы мүмкін

Еуропада биыл қыста індетке қарсы қосымша шаралар қабылданбаса, коронавирустан 500 мың адам көз жұмуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Бірақ ұйым өкілдері халықты вакциналау шарасы белсенді жүргізіліп, бетперде тағу тәртібі сақталса, мұндай жағдайдың алдын алуға болатынын айтады. Жалпы Еуропада індет таралғалы 82 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Соңғы уақытта кәрі құрлықта коронавирустың таралуы қайта күшейген. Осыған байланысты бірқатар ел шектеулерді қатаңдатып жатыр.