Беларусь-Польша шекарасы: босқындар жылыту орталықтарына көшірілді

Осыған дейін ушығып келген Польша шекарасындағы босқындар жағдайы апта соңында тұрақтала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мигранттарды бүгінге дейін өз аумағына жібермей жүрген Беларусь билігі олардың көбін жылытылатын уақытша орталыққа көшірді. «Қызыл крест» ұйымы босқындарға азық-түлік, ауыз су мен төсек-орын таратып жатыр. Ал дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде.

– Күннің суығында далада жүргенше, жылы жерде отырған дұрыс.

– Көбі Иракқа қайтып жатыр. Мен де барар едім.  Өйткені Польшаға барғанмен жағдайымыз түзелмейтін сияқты.