Телефон арқылы екі мәрте сөйлескен Меркель мен Лукашенко қандай мәмілеге келді

Осы аптада Александр Лукашенко мен Ангела Меркель телефон арқылы сөйлесіп, Германия басшысы 2 мың босқынға арналған гуманитарлық дәліз ашуға келіскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы хабарлады делінген болатын. Алайда ресми Берлин мигранттар мәселесін реттеуде ешқандай келісімге келмегенін мәлімдеді. 

Хорст Зеехофер, Германия ішкі істер министрі:

– Қазір халық арасында жалған мәліметті жиі тарататын болды. Германия үкіметі 2 мың босқынды қабылдауға дайын деген хабар жарияланды. Мен дереу канцлермен байланыстым. Мұның жалған ақпарат екенін ол маған айқын жеткізді.

Германия билік өкілдерінің мәлімдеуінше, осындай жалған ақпарат мигранттарды босқа үміттендіріп, отанына қайтару ісіне кедергі келтіреді.