ДДСҰ шекарадағы мигранттар жағдайын көріп қайтты

Польша мен Беларусь шекарасындағы мигранттардың жағдайы қиындап барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ондағы ахуалды көріп қайтқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерді осылай деп мәлімдеме жасады. Босқындар денсаулықтарына алаңдайтынын айтып, шағымданды. Босқындармен кездесуден кейін халықаралық ұйым оларға жан-жақты қолдау көрсетуге күш салатынын жеткізді. Ал Польшаның Михалово қаласында жергілікті белсенділер босқындарға көмектесу үшін қайырымдылық қорын ашқан. 

Конрад Сикора, Михалово қаласы басшысының орынбасары:

– Польшаның түкпір-түкпірінен адамдар қолдан келгенше көмектесіп киім-кешектен бастап түрлі заттар жіберіп жатыр. Босқындардың қазіргідей қиын жағдайға тап болып, орманды паналап жатқаны қиналтады. Біздің мемлекет мұндай дағдарысқа бірінші рет ұшырап отыр.