Польшаның жергілікті тұрғындары босқындарға болысуда

Дүйсенбі күні Польшаның Богоники елді мекенінде сириялық жігіт жерленді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

19 жастағы жігіт Беларусь пен Польша арасындағы Буг өзенін жүзіп өтпек болып, суға кеткен. Жаназасын жергілікті мұсылман жамағаты шығарды. Олар Польшада алты ғасырдан бері уақыт ұрпақтарымен өсіп-өнген қауым. Алтын Ордада билікке таласқан Мамай жеңілгеннен кейін оның жақтастары бұл елге бас сауғалап келген еді. Қаншама ғасыр өтсе де ұрпақтары сол қиын-қыстау кезеңді ұмытпай, босқындарға қолынан келгенше көмектесіп келеді.

Мацей Щенснович, Богоники мұсылман қауымының төрағасы:

– Біз Польша шекарасын асып өткендердің барлығына көмектесуіміз керек. Өйткені олар адам баласы ғой. Мұндайды өмірімде алғаш рет көріп отырмын. Аштан өлмес үшін орманда саңырауқұлақ жинайды. Полицейлер оларға алма бергенде, тіпті дәндерімен бірге жейді.