Гран-Канария аралы маңында 100-ден астам мигрант құтқарылды

Гран-Канария аралы маңында 100-ден астам мигрант құтқарылды

Испания жағалау күзеті Гран-Канария аралының маңында 3 кемеден 100-ден аса мигрантты құтқарды.

Олардың арасында 7 әйел мен 1 қыз бала бар. Қазір барлығы Аргинегин портына жеткізілген.

Айта кетейік, Канар аралдары Солтүстік африкалық мигранттардың Еуропаға жететін негізгі транзиттік жолы. Пандемияға қарамастан Кәрі құрлыққа аттанғандардың нөпірі толастар емес. Испания үкіметінің мәліметі бойынша тек биылдың өзінде Канар аралдарына теңіз арқылы жеткен, мигранттардың саны 13 мыңнан асып кеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.