АҚШ-та көлік қағып қайтыс болғандар саны 5-ке жетті

АҚШ-тың Уокешо қаласында болған оқиғада мерт болғандардың саны 5-ке жетті. Жарақат алғандардың қатары 40-қа дейін өсті.

Естеріңізге салайық, жаңажылдық шеру кезінде, бір топ адамды, көлік қағып кеткен еді. Көлік жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Жүргізуші полицияның қолында. Әзірге оның бұл қадамға не себептен барғаны  белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр. Жарақат алғандардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында.