Кореяда дәстүрлі оқу жанданды

Шетел жаңалықтарымен жалғастырайық. Оңтүстік Корея мектептерінде офлайн оқу жанданды.

Жергілікті биліктің бұл шешімі «ковид-19-бен өмір сүру» жоспарының бірі болды. Бүгінде ел тұрғындарының 78 проценті коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Десе де, мамандар эпидахуал ушығатын жағдайда білім беру мекемелеріндегі оқу үрдісі онлайн форматқа қайта көшуі мүмкін екенін айтып отыр. Қазір елде масқа тағу режимі әлі де өз күшінде.

Ю Ын Ха, Оңтүстік Корея білім беру министрі:

- Арқаны кеңге салуға болмайды. Вирус жұқтырған науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Сондықтан әр отбасы ауруды алдын алу шараларына мұқият көңіл бөлуі керек. Білім беру мекемелерінде де санитарлық талаптар жіті қадағаланып отыруы тиіс.