430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Колумбияда су тасқынынан мыңға жуық адам баспанасыз қалды

  • 61
  • UPD: 15:19, 22.11.2021
Колумбияда су тасқынынан мыңға жуық адам баспанасыз қалды

Колумбияның Медио Баудо қаласында су тасқыны жергілікті халықты әуре-сарсаңға салды.

Табиғаттың тосын мінезінен 3600 отбасы зардап шекті. Бірнеше күн қатарымен төпелеп жауған жауыннан өзендер арнасынан тасып, аймақтағы егістік алқаптар мен ғимараттар жарамсыз күйге айналды. Тұрғындар баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Тасқыннан зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Апатты жерде төтенше жағдай жариялады. Ал жергілікті билік елді мекен тұрғындарына көмек көрсету шараларын қолға ала бастады.

Хабар 24 телеарнасы