434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Париждегі Елисей алаңының ажары ашыла түсті

  • 79
  • UPD: 15:58, 22.11.2021
Париждегі Елисей алаңының ажары ашыла түсті

Әлемдегі ең әдемі даңғылдардың бірі саналатын Париждегі Елисей алаңының ажары ашыла түсті.

Көше бойы жаңа жыл қарсаңында алуан түрлі әшекеймен әрленді. Оны қала тұрғындарымен қатар төрткүл дүниеден ағылған саяхатшылар асыға күткен болатын. Былтыр індетке байланысты дәстүрлі безендіру шарасы көрерменсіз өткен еді. Ал биыл екі жылдық үзілістен кейін париждіктер қайтадан бұл салтанатқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы шараға шамамен 100 мыңнан астам адам келіпті.

БЛИЦ

- Осында келген азаматтарды көру мен үшін қуанарлық жағдай. Десе де, сақ болып, маска таққанымыз абзал.

- Париж қайтадан бұрынғы қалпына келді. Өте керемет.

- Мен Мароккодан келдім. Мұндай шараға алғаш рет қатысуым. Өте керемет әсер алдым. 

Дәстүрлі мерекелік шараны қала тұрғындары мен туристер бір жарым ай бойы күн сайын кешкісін тамашалай алады. Себебі елдегі эпидахуал соңғы уақытта қайтадан нашарлай бастағанына қарамастан билік локдаун енгізуді жоспарлап отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы