Чехия мен Словакияда вакцина алмағандарға қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынды

Чехия мен Словакияда бүгінгі күннен бастап COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған азаматтар қоғамдық пайдалану орындарына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Чехия мен Словакия вакцинация сертификаты жоқ адамдарға локдаун енгізді. Қабылданған шектеулер үш айға созылып, 2022 жылдың 22 ақпанында аяқталады. Антиваксерлердің мейрамханаларға кіріуге тыйым қойылды, бұқаралық шараларға қатыса алмайды. Вакцинацияға қарсы азаматтарға тек шағын азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қол жетімді болады.

Иорданияның Хашимит Корольдігінде COVID-19 пандемиясының үшінші толқынының жүріп жатқанын Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырудың апта сайын 20 мыңға жуық жаңа жағдайлары тіркелуде.

10,7 млн халықы бар Хашимит Корольдігі үшін инфекция жұқтырудың 8% өсімі өте маңызды көрсеткіш. Иордания Денсаулық сақтау министрлігінің Бас хатшысы Адель Балбистің мәлімдемесі бойынша, мемлекет COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына қарсы тұруға дайын екенін айтты. Елдегі ауруханалар мен интенсивті терапия палаталары 30%-ға жүктелген, вакцина қоры жеткілікті.

Сондай-ақ...