АҚШ Айда атом реакторын салады. Бұл туралы НАСА өкілдері мәлімдеді.
Жаңа жоба АҚШ-тың Энергетика министрлігіне қарасты «Айдахо» ұлттық зертханасымен бірлесіп іске асады. Қазір НАСА атом электр станциясын салуға қатысты түрлі идеялар жинап жатқан көрінеді. Реактор жер бетінде 2030 жылға дейін салынып, кейін Айға жеткізіліп, орнатылады. Бұл станция болашақта Жерсерігі үшін электр қуатының тұрақты көзіне айналып, адамдардың Айға келіп-кетуіне толық жағдай жасайды деп жоспарланған. Тіпті әрі қарай Марс сияқты алыс ғаламшарларға да бару үшін көмекші болады, - дейді мамандар.