Польша 200 заңсыз мигрантты еліне қайтарады

Осы аптада Польшада 200 заңсыз мигрантты еліне қайтарады. Бұл туралы поляк жағалау күзетінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, босқындардың дені – Ирак тұрғындары. Мигранттардың отаны өз азаматтарын қабылдайтынына кепілдік беруі тиіс.

Жыл басынан бері Польша шекарашылары 36 мың заңсыз босқынның жолын кескен. Былтыр олардың саны бірнеше жүз ғана еді.