Болгарияда өрттен тоғыз адам көз жұмды

Болгарияның шығысындағы қарттар үйі өртеніп, 9 адамға иіс тиген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тоғызы да көз жұмды. Қайғылы жағдай Варна қаласының маңында болған. Өрт сөндірушілер 48 адамды құтқарды. Оттың шығу себебі әзірге белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Билік өрт қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр.

Тихомир Тотев, өрт сөндіру инспекторы:

– Өртті сөндіру оңайға соққан жоқ. От жалыны шатырды да шарпыпты. Қалың көк түтін басып қалған. Өрт үшінші қабаттан басталған сияқты.